ШҚО тұрғындары полицейлерден кеңес ала алады
ШҚО полицейлері 14-15 шілде күндері "Жолда қабылдау" акциясын өткізеді.
"Жолда қабылдау" профилактикалық іс-шарасы жұртшылыққа жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын сақтау саласында консультативтік және құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар мобильді топтар офлайн қабылдауды жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың 14 шілдесі:
1. Өскемен қ. ПБ азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі, Қабанбай батыр к-сі, 152;
2. Өскемен қаласының №1 бөлімінің халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған секторы (мамандандырылған ХҚКО), Абай даңғылы, 203/3.
15 шілде:
Өскемен қ. ПБ азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі, Қабанбай батыр к-сі, 152.