KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Бес мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Фото: news.myseldon.com

26.07.2023, 17:39 132 Оразай Жеңісұлы

2022 жылы Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов елімізде заңсыз қоқыс ең көп төгілетін 3 ірі қаланы атады.

«Қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингі 2018 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мониторинг 39 ірі елді мекен аумағында жүргізілді. Осы уақыт аралығында 25 млн гектар қамтылды. Облыстар арасында үйінділердің ең көп саны Ақмола облысында – 830, Қарағанды облысында – 745, Түркістан облысында – 408. Қалалардың арасында ең көп қоқыс орындары үш қалада анықталды. Мәселен, Астанада – 551, Шымкент қаласында – 45 және Алматыда – 12», – деп мәлімдеді Баубек Оралмағамбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу