2023 жылғы шілде – адамзат тарихындағы ең ыстық ай
Фото: the-golden-calf.com
2023 жылғы шілде адамзат тарихындағы ең ыстық ай болды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты БАҚ-тағы деректерге сүйеніп.
Лейпциг университетінің климатологы Карстен Хауштайн жүргізген талдау осы айдағы орташа жаһандық температураның өнеркәсіпке дейінгі деңгейден Цельсий бойынша 1,5 градусқа асып кеткенін көрсетті.
Бұған дейінгі рекорд 2019 жылғы шілдеде тіркелген. Ол кезде ғаламдық орташа температура қазіргіден 0,2 градусқа төмен болды.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай өзгерістерге қазба отындарды жағу және адамның басқа да әрекеттері себеп болған.
Оқи отырыңыз