Өскеменде Арбаттағы арт-нысан баланың үстіне құлады
Өскеменде Арбаттағы конструкциялардың бірі кәмелетке толмаған баланың үстіне құлады.
Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тараған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық полиция департаменті мұндай оқиға шынымен болғанын растады.
«Дерек белгіленген тәртіппен тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді полиция өкілдері.
«Таза Өскемен» КМК ілулі тұрған арт-нысан «Сырға» деп аталатынын және әткеншек ретінде пайдалануға арналмағанын түсіндірді.
«Алайда ауыр салмақты арт-нысанға күш түсіретіндер көп. Оған бірден бірнеше адам отырып алып, құрылымды айналдырады. Мұндай жағдайда бекіту элементтері тез тозады және жарамсыз болып қалады», - деді мекеме өкілдері.