KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

ШҚО-да АИ-95 бензині тапшы емес

Фото: top-fon.com

1.08.2023, 17:05 149 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында АИ-95 бензині тапшы емес. Кейбір бекеттерде бұл жанармайдың уақытша сатылмауы – логистикаға байланысты туындап отырған мәселе.

Павлодар және Шымкент мұнай-химия зауыттарында жөндеу жұмыстары басталған кезде жанар-жағармай Атырау мұнай зауытынан жеткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елдің батысынан шығысына жанармай жеткізу, шамамен, екі аптаға жуық уақыт алады.​ Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, жанармай құю станцияларына сұранысқа ие отын түрінің болмай қалуы дәл осы жағдайға байланысты.

Сондай-ақ, басқарма өкілдерінің айтуынша, жанармай құю станциясының иелері өнім жеткізудегі шығынның өсуіне байланысты Аи-95 маркалы бензиннің бағасын көтеруі мүмкін.

«Өйткені бұл – реттелмейтін отын түрі. Дегенмен бүгінде жанар-жағармай барлық станцияға жеткізілді. Отын тапшылығы жоқ», – деп мәлімдеді басқармадағылар.

Жалпы, облыс бойынша 157 ЖҚС жұмыс істейді. АИ-92 маркалы бензиннің қоры – 7,8 мың тонна, АИ-95 – 2,0 мың тонна, дизель отыны – 3,7 мың тонна.

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы – 200-205 теңге, АИ-95 – 224-254 теңге аралығында. Дизель отынының литрі – 295 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу