Өскемендіктер көмір алуға асығар емес
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Бүгінде Өскемен халқының үштен бірі ғана қысқа ерте қамданып жатыр.
Қыркүйек айында жан-жақтағы елді мекен тұрғындары да көмір алуға облыс орталығына ағылады. Сол кезде дүрбелең басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омар бүгін Базовая көшесіндегі тұйық алаңға барып көмірдің қорын және сапасын бақылап көрді. Шаһар басшысы тұрғындарды тамыздың аяғына дейін қамдануға шақырды.
«Қазір жылу маусымына дайындықтың қызған кезі. Ең маңызды мәселенің бірі – халықты көмірмен қамтамасыз ету. Бүгінге дейін жер үйде тұратын қалалықтардың 34 пайызы ғана көмір сатып алды. Бұл – бәсеңдеу көрсеткіш. Күз кезінде мұнда кезекке тұрған көлік те көбейіп кетеді, сол себепті «қыс қамын жаз ойлаған» абзал, – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Естеріңізге саламыз, дәл қазір көмір тоннасы – 14 мың теңге. Әлеуметтік көмір – 13 500 теңге.