Өскеменде пластик бөтелкелер қабылдайтын 50-ге жуық фандомат орнатылмақ
Қыркүйек айында облыс орталығында бос пластик бөтелкелер және алюминий банкалар қабылдайтын автомат-фандомат орнатылған болатын.
Виноградов көшесіндегі фудкортта орнатылған фандоматты халық жиі қолданатыны соншалық 2 күннің ішінде толып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, бөтелкелерді фандоматқа тапсыра отырып, бонус жинауға болады. Оларды қала дүкендерінде жеңілдік ретінде пайдалана аласыздар.
Аппараттағы бөтелкелер мен банкалар бірден қайта өңдеуге жіберіліп отырады.
- Қазір қала бойынша 3 фандомат бар, жалпы осындай 50-ге жуық аппарат орнатуды жоспарлап отырмыз. Қала мектептеріне де қойылады. Қалалық қоқыс өңдеу зауыты мұндай үлкен көлемді өңдеуге дайын. Қазіргі күні онда 17 мың тоннаға жуық қоқыс өңделген, - дейді "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС инженері Жанат Иксынбаев.
Сондай-ақ, қоқыс шығаратын компаниялар жақын арада қала алаңдарындағы қоқыс контейнерлерін жаңартуды қолға алмақ.
Оқи отырыңыз