KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
517.84 543.11 5.28

7 желтоқсанда доллар бағамы сәл жоғарылады

© Сурет: pexels

7.12.2023, 16:55 153 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 459,91 теңге болды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,21 теңге (-0,08) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 495,71 теңге, рубльді 4,93 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 460,3-462,3 теңге, еуро 495,5-498,5 теңге, ресей рублі 4,95-5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу