KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Қазақстанда VIP нөмірлердің бағасы өсті

Фото: tengrinews.kz

5.01.2024, 18:00 162

Биылдан бастап қарапайым нөмірлер үшін жүргізушілер 10 337 теңге төлейді, ал VIP нөмірлердің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі informburo.kz сілтеме жасап.

Әдемі әрі "айналы" нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады. Мұндай соманы сіз 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді нөмірлер үшін бересіз.

Ал біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе – 716 248 теңгені санап бересіз.

Жалпы, 001, 002, 003, 777 секілді нөмірлер елімізде ең қымбат болып саналады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады. Жалпы көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге де болады.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив