KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Қазақстандағы балалардың ағзасында қорғасынның бар-жоғын тексеру ұсынылды

фото: g-academy.ru

8.01.2024, 14:28 160

Қазақстандық токсикологтар балалар мен жасөспірімдердің ағзасында қорғасынның бар-жоғын тексеруді ұсынып, міндетті скринингті енгізуді сұрайды. Зерттеу тобында 100-ге жуық қазақстандық маман бар. Олар Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныспен шықты. Мұның себебі екі жыл бұрынғы зерттеу нәтижелері болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Пандемия кезінде Астана, Алматы, Шымкент және Қарағандының мың баласын ағзасында қорғасынның бар-жоғын зерттеген.

Қан алу 2020 жылдың қарашасынан 2023 жылдың мамырына дейін өтті.

Қанатқақты жоба ДДҰ бастамасымен іске қосылған, бақылаушы - ЮНИСЕФ. Қазақстанда зерттеуді Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы басқарды. Ведомство салалық министрлікте жұмыс істейді. Бір апта бұрын Орталық нәтижелерін жариялады.

"Жалпы нәтиже қанағаттанарлық болғанымен, алаңдатарлық тұстары да бар, өйткені біз алға қойған нөлдік гипотезамыздың негізсіз емес екенін көрдік. Біріншіден, қорғасынмен улану әрдайым субклиникалық түрде жүретінін түсіну керек, оны тек зертханалық жолмен ғана анықтауға болады. Сондықтан біздің команда скринингтен өткізуді ұсынады. Өте қатаң ұсыныс жасалды, ол ескеріледі деп үміттенеміз", - дейді жоба кураторы Қуаныш Әлімбетов.

Қорғасынның жоғары деңгейі 14 балада анықталған. Олардың барлығы бақылауға алынды. Нәтиже бойынша Астанада бір децилитр қанға орташа есеппен 10 микрограмм улы металл  анықталған. Алматыда бұл көрсеткіш жетіге тең. Ал ДДҰ мәліметтері бойынша, 5 микрограмм деңгейі денсаулыққа қауіпсіз деп саналады.

"Мың баланың 14-нің қанында қорғасын бар екендігі анықталды. Жоғары концентрациясы бар балалардың ата - аналарына болашақта проблема болдырмау үшін бейінді мамандарға жүгіну ұсынылды", - дейді зерттеу тобының мүшесі Алмаз Нарбаев.

Қорғасын қауіпті токсиндердің ішінде бірінші орында. Ол миға, бауырға, бүйрекке және сүйектерге енеді. Оның қандағы жоғары деңгейі өлімге әкелуі мүмкін.

"Мен үш жасқа дейінгі балалардан бастап тексерген жөн деп санаймын. Өйткені осы кезеңде барлық органдар мен жүйелер, интеллектуалды дағдылары қалыптасады. Егер ағзада қорғасын уытты концентрацияда болса, ол қайтымсыз өзгерістер тудырады, атап айтқанда орталық жүйке жүйесінде", - деп атап өтті Астананың бас штаттан тыс токсикологы Галина Башинская.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу