Көлік арзандап жатыр
фото: inbusiness.kz
Автокөліктердің тұтыну бағасы 2023 жылдың желтоқсанында 2,5%-ға төмендеген. Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша, бұл 2015 жылдан кейін бағаның төмендеуінің ең төменгі көрсеткіші болып тіркелген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бірінші несиелік бюро соңғы айларда көлік құнының түсуі көзге көрінерліктей бағада түспесе де, белгілі мөлшерде төменедегенін анықтаған. Мысалы, 2015 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін ай сайын тек автомобильдердің қымбаттауы тіркелді.
– 2023 жылдың алғашқы 10 айында шетелден 129,6 мың автокөлік әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп, ақшалай көлемде көлемі сәл аз өсті. Бір бірлікке импорттың орташа құны сәйкесінше төмендеді, – деп хабарлады крдеиттік бюро.
Айта кетейік, 2023 жылы жеңіл автомобильдер өндірісі де, олардың импорты да өсті.
Оқи отырыңыз