KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

ШҚО полицейлері «тасымалдаушыдан» 27 млн. теңгенің есірткісін тәркіледі

Фото: ШҚО ДП
Фото: ШҚО ДП
16.01.2024, 09:11 96

ШҚО-да есірткінің 1,5 мың рет қолдану дозасын өткізбек болған жасырын қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше жас жігіттің бұған дейін еш жерде жұмыс істемегені, оның негізгі табыс көзі тыйым салынған заттарды “жеткізу” екені анықталды.

 


Есірткіні жасырын қойып кетуші жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталды. Тінту барысында 23 жастағы ер адамнан салмағы 547,48 грамм α-PVP психотроптық заты табылып, тәркіленді, бұл 1500 рет қолдану дозасынан асады. Жас жігіттің бұған дейін еш жерде жұмыс істемегені, оның негізгі табыс көзі тыйым салынған заттарды “жеткізу” екені анықталды. Жасырын қойып кетуші есірткіні мессенджер арнасы арқылы таратқан. Екі тарап та жасырын қалған. Сотқа дейінгі тексеру материалдарына дәлел ретінде күдіктінің смартфоны тіркелді, онда синтетикалық заттардың жасырын орнының фотосуреттері мен қойып кетулер туралы жазбалар болған. Тәркіленген заттың қара нарықтағы құны 27 млн теңгеден асады. Аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту мақсатында оларды заңсыз сатып алу, сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, оны 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

 

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив