KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Шығыс Қазақстан – ең «кітапқұмар» өңір

сурет: livelib.ru

14.02.2024, 22:00 391 Оразай Жеңісұлы

Ел тұрғындарының төрттен бір бөлігі ғана кітап оқиды. Мұндай деректі қоғамдық саясат институты ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар жүргізген зерттеу барысында әрбір 4 респондент (26,5%) өткен жылы кем дегенде 1 кітап оқығанын мәлімдеді. Қалғандары оқымайды. Кітап оқуға уақыт жоқ дегендер –  52%, ал оқуға мүлде зауқым жоқ дегендер –  21,4%.

Оқырман респонденттер (26,5%) өткен жылы орта есеппен 5 кітап оқыған. Ең көп оқитын өңірлер – Шығыс Қазақстан (орта есеппен 10,6 кітап), Солтүстік Қазақстан (6,95) және Ақмола (6,34). Ең аз оқитын өңірлер – Шымкент қаласы (3,8 кітап), Ұлытау (3,7 кітап) және Жетісу (3,59) .

Кітаппен, әсіресе, аға буын өкілдері «дос» екен. 61 жастан асқандар жылына, орта есеппен, 6,2 кітап оқиды. Зерттеу нәтижесі әйелдер ер азаматарға қарағанда көбірек оқиды деп көрсетті. Ауылдықтар қала тұрғындарына қарағанда жиі кітап оқиды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу