KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 385 кәсіпкердің құқығы қорғалды

фото: depositphotos.com

16.04.2024, 10:02 146 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік палатасы «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлердің 30 проблемалық мәселесін оң шешіп, 385 кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандарының сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер жиі кездесетін мәселелердің үштен бірі жер құқығын алу проблемаларымен және мемлекеттік органдар тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамаумен байланысты.

Мысалы, ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» кассалық аппараттар үшін қағаз таспаны сатып алған. Алайда, кәсіпкер көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келетін тауарды жеткізген кезде тапсырыс беруші тауар сәйкес келмейді деген желеумен оны қабылдаудан бас тартқан.

Департамент пен «Атамекен» ӨКП мүдделі тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізді. Нәтижесінде кәсіпкер алдындағы міндеттемелер орындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу