KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Өрт сөндірушілер 15 тұрғынды эвакуациялады – ШҚО

29.08.2024, 10:20 69 Айжанат Бақытқызы

Облыс орталығында тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға Назарбаев даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде болған.

Дер кезінде келген өрт сөндірушілер түтінденген аймақтан 15 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала бар.

«Пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Құтқарушылар ауданы 10 шаршы метр жердегі өртті ауыздықтады», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив