KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Өзін-өзі тану мұғалімдері кәсіби бағдар беруші ретінде жұмыс істей алады - ШҚО

2.09.2022, 09:46 285

Биылғы жаңа оқу жылы ұстаздар мен оқушыларды өзгеше жаңалықтарымен таңқалдыруда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мәсесен, биылдан бастап мектептерде өзін-өзі тану пәні оқытылмайтын болды. Десе де, білім басқармасы аталмы пәннен сабақ берген ұстаздар жұмыссыз қалмайтынын алға артты.

-        Енді мектепте өзін-өзі тану пәні оқытылмайды.  Ал бұрын осы пәнді оқытқан ұстаздар жұмыссыз қалмайтынын айта кету керек. Себебі, жаңа оқы жылында балалар үшін жаңа пән — кәсіптік бағдарлау енгізіледі. Яғни, педагог-профориентолог деген жаңа лауазым да енгізілмек. Егер осы бағытта жұмыс істеуге ниет еткен өзін-өзі тану мұғалімдері кәсіби бағдар беретін педагогтар санатына өтеді, — деп түсіндірді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мектептерде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылғанын және қазақ мектебінде оқитын 1 сынып оқушыларына ағылшын және орыс тілі пәндері оқытылмайтынын жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу