KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО әкімі Білім күнімен құттықтады

1.09.2022, 14:31 126

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс тұрғындарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы өз сөзінде білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын айта кетті.

-        Бүгін облысымыздың 342 мектебі 95 мыңнан астам оқушыға өз есігін айқара ашып, оның 10 мыңға жуығы алғаш мектеп табалдырығын аттап отыр. Аймақтағы білім беру саласына үлкен көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, барлық мектептерде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оқулықтардың толық жиынтығы бар және мектеп автобустары жұмыс істейді. Тиісті үйірмелер мен секциялар да іске қосылған. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу процесіне қажетті барлық заттар мен мектеп формасы толықтай сатып алынды, - деп атап айтты облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы өңірде бірден төрт жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Оның бірі 30 жыл бойы жаңа мектеп саныбаған Риддер қаласында, Қасым Қайсенов, Ұрынхай және Жолнұскау кенттерінде (Күршім ауданы). Өзге аудандарда да мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр.

-        ШҚО-да бір де бір үш ауысымды мектеп жоқ екенін атап өткім келеді. Биыл мектептердің барлығы бес күндік оқу аптасына ауысып, балалардың спортпен шұғылдану мен хобби үшін екі толық демалыс күні болады. Осындай шуақты мереке күні оқушыларға сәттілік пен жақсы сабақ үлгерімін, ұстаздарға шығармашылық шабыт тілеймін! Ата-аналар да әрдайым балаларына қолдау көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге бірлесе қол жеткізе білейік! – деді Даниал Ахметов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив