KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Қазақстанда көмір бағасы өсе ме?

26.08.2022, 11:54 167

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов көмірге сұраныс біртіндеп артып келе жатқанын айтты.

-        Шамамен қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында күн суытады деген болжам бар. Тиісінше, көмір бағасы да 1,5-2 есеге дейін күрт қымбаттамайды. Көмір өндіретін орыннан алыс орналасқан өңірлерде қатты отын құны да арта түседі, - деді Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта бір тонна көмірдің орташа бағасы 9-дан 14 мың теңгеге дейін жетеді. Ал оңтүстік өңірлерде көмір қымбатқа сатылатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу