"Арт спорт" бағдарламасы бойынша қарыз мәселесі шешілетін болады- ШҚО әкімі

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, тамыз айында мәслихаттың кезектен тыс сессиясында "Арт спорт" бағдарламасы үшін миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді және бұл қарызды өтеуге ғана емес, жыл соңына дейін, Абай облысында да қызмет көрсетушілердің ақысын төлеуге мүмкіндік беретін көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, қарыздың проблемалық жағдайы осы жылдың көктемінде басталған болатын. Сондықтан да кейбір спорт мектептері жабылды. Осы бағдарлама бойынша өңірде 30 бағыт бойынша барлығы 121 шығармашылық үйірме жұмыс істейді.
- Өкінішке орай, мұндай жағдай тек ШҚО-да ғана емес, бүкіл елде де орын алды. Қазір шешім бар, біз әрқашан балалардың спорттық және шығармашылық дамуын қолдаймыз, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.