Алтайдың алты ауылына таза ауыз су тартылады
Алдағы жылы Алтай ауданының алты ауылына модульді блок станциялары салынады. Осылайша елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бояновск, Ермаковка, Кутиха, Андреевка және екі бірдей Александровка ауылдарына су бекеттерін салуға 63 миллион теңге жұмсалады деп жсопарланды.
Биыл Крестовка, Ново-Крестьянка, Богатырево, Северное ауылдарына модульді блок бекеттері орнатылғанын айта кетуіміз керек. Сондай-ақ қазір Феклистовка ауылына жеті шақырымға жуық су құбыры тартылып жатыр. Оған республикалық бюджеттен 197 млн теңге бөлінген.
Жоғарыда аталған алты ауылға су тартылса, Алтай ауданының халқы ауыз сумен түгелдей қамтылады.