KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

ШҚО-да жеңіл көлік тасжолдан «ұшып» кетті

29.07.2022, 10:31 237

Жүргізуші салонда қысылып қалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 28 шілде күні Катонқарағай ауданында Новохайрузовка ауылының маңында «Өскемен-Рахман қайнары» тасжолында болған.

– «ВАЗ 2114» маркалы автокөлік трассадан «ұшып», электр желісінің бағанасына соғылған. Жүргізуші салонда қысылып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылары зардап шегушіні көліктен алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, – деп жазылған ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу