KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қуат Тұмабаевті ұстаған ШҚО полицейлері сотталып кетуі мүмкін

22.08.2018, 06:04 116

Сымбат Қарақұлов пен Сымбат Қайратовтың тергеу материалдары сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңзіде болса, Қарақұлов аты шулы жол-көлік оқиғасы болған жерден тайып тұрған Қуат Тұмабаевты тоқтатқан полиция қызметкері. Дұрысында, Риддер ІІБ жол-патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері. Ол телевизия тілшілеріне өзін шенеунікті жауапкершіліктен бүркемелегені үшін жұмыстан шығарғанын айтқан. Оның сөзінше, оқиғаға Қуат Тұмабаевтың қатысы барын жасырып қалуды жоғарыдағы басшылығы талап еткен. Кейінірек бұл туралы Қайратов та республикалық БАҚ-қа мәлімдеме жасаған болатын. Айта кетейік, әңгіме Риддерде 18 жасар Евгений Смольниковты қаза қылған жол-көлік оқиғасы турасында.


– Қараұлов пен Қайратовтың арызына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Алайда сөзге дәйек ештеңе табылмады, – дейді ШҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мұратжан Шәкеров.


Шәкеровтың айтуынша, Қарақұлов пен Қайратовтың бұған дейін Риддер тұрғынынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алғаны анықталған. Дәл осы фактімен Ұлттық бюро сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізеді. Ал айғақтарға қатысты жалған ақпарат бергенідері үшін сот ісі басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив