KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
443.03 480.38 4.91

ШҚО-да бес мың ата-анаға айыппұл салынды

27.11.2018, 09:28 113

ШҚО-да бес мың ата-анаға балаларының тәртібі үшін айыппұл салынып, 150 ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кәмелет жасқа толмаған балалары сағат 23.00-ден кейін көшеде немесе көңіл көтеретін орындарда ересектердің қарауынсыз жүргені үшін бес мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Сондай-ақ, бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 350 ата-анаға айыппұл салынған. Ал 150 адам ата-аналық құқығынан айырылды.


Кәмелет жасқа толмаған балалардың бейімделу орталығына 850 жасөспірім, арнайы білім беру мекемелеріне – 20 жасөспірім орналастырылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив