KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

"Тоқта атамын!" ШҚО-да түрмеден қашып бара жатқан адам қолға түсті

5.11.2018, 04:26 183

Оқиға өткен демалыс күндері Шемонайха ауданы, Половинка кентіндегі (ҚАЖМ -65) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде  болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы  баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді мәлімдеді.


-Бірінші учаскеде қарауылда тұрған қатардағы жауынгер Асхат. М. ішкі тиым салынған аймақта келе жатқан сотталушыны көріп  дереу басшылыққа хабар береді де: «Келе жатқан кім, тоқта!» деп өктем дауыспен ескерту жасайды. Алайда, күзетшінің ескертуіне құлақ аспаған сотталушы мақсатты түрде негізгі қоршауға қарай жүгіріп, ішкі бақылау жолағына қарай өтіп кетеді. Қарауыл осы кезде «Тоқта, атамын!» деп  тағы айғайлаған соң, аспанға бір рет оқ атып атып ескерту белгісін береді,-дейді Бағдат Амангелді.


Осы мезетте қашуға бел байлаған сотталушы бағытын өзгертіп, келесі бекетке  бақылаушылар жолағы  арқылы  жүгірген. Негізгі қоршаудың маңында қолға түскен ол қайтадан ішке кіргізілген.


Қазір түрмеден қашпақ болған қылмыскер арнайы изоляторға отырғызылып, жауапты органдар істің мән-жайы тексеру үстінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу