KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Өскеменде пәтер тонаған Қырғызстан азаматы қолға түсті

8.10.2018, 09:04 169

Өскемендік тәртіп сақшылары ұйымдаса отырып, пәтер тонап келген қылмыстық топты қолға түсірді. Олардың үшеуі ШҚО тұрғыны болса, біреуі Қырғызстан азаматы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Пәтер тонаушылар 15 қылмыс жасап, тұрғындарды 40 миллион теңге шығынға ұшыратқан.


Оларды өткен жылдың аяғында қолға түсірдік. Қылмыстық топ пәтер иелерін айтарлықтай үлкен шығынға ұшыратқан, – дейді Өскемен ІІБ басшысы, полиция полковнигі Дәуір Ибраев.


Қаскөйлер қаланың қақ ортасындағы үйлерді тонапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, топ мүшелерінің өз-өз міндеті болған. Барлығы да үнемі қолғаппен жүрген. Ішкі істер басқармасы күдіктілердің арнайы нысанашысы болуы мүмкін екенін жасырмады.


Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив