KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО еліміздегі ең дұрыс тамақтанатын өңір болып шықты

21.06.2018, 11:39 148

Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылы Қазақстан Республикасы халқы тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерімен бөлісті, — деп жазады Тенгриньюс.кз


Министрліктің мәліметінше, былтыр үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша тамақ депривациясының деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармақты және 3,6 пайызды құраған. Тамақтану калориялығы ең төменгі шекті деңгейден де төмен халықтың үлесі:



«2017 жылы халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы күніне орташа жан басына шаққанда 3192 ккал құрады, бұл өткен жылға қарағанда 217 ккалға көп. Ауылдық жердегі халықтың тұтынуы қалалық жерге қарағанда неғұрлым құнарлы екендігін атап өтуге болады», — дейді ведомство өкілдері.


Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы:


Мәліметке сүйенсек, еліміздің барлық өңірінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі энергетикалық құндылықтарға ең төменгі қажеттіліктердің деңгейінен асып түскен. Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығының ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында, ал ең төменгісі — Астана қаласында байқалған. 2017 жылы өңірлер бойынша халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы:



«Егер халықтың өткен жылы тұтынған тамақ өнімдерінің химиялық құрамын қарастыратын болсақ, көмірсутегі ең жоғары үлес салмағына ие. Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы көп (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары», — дейді ҰЭМ өкілдері.


Халық тұтынған тамақ өнімдерінің тәуліктік рационындағы тағамдық заттардың құрамы:



Көрсеткіштер ADePT азық-түлік қауіпсіздігінің статистикалық модулінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) әдіснамасы бойынша есептелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив