KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Күршім ауданына жаңа жас әкім тағайындалды

13.09.2018, 05:01 158

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына жаңа əкім тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс əкімі Даниал Ахметов аудан активіне жаңа басшыны өзі таныстырды. Аудандық маслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Дулат Қажанов Күршімге əкім болып тағайындалды.


Дулат Қажанов 1984 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. Білімі: жоғары. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы осы университетте «Экономика» мамандығы бойынша оқуын жалғастырады.






Лауазымы, жұмыс орны




20.11.2007


23.04.2008


«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру» Шығыс Қазақстан облысы департаментінің жетекші маманы, Өскемен қаласы




24.04.2008


10.06.2008


Шығыс Қазақстан облысы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру» жөніндегі жетекші маманы, Өскемен қаласы




11.06.2008


30.06.2008


Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Мемлекеттік сауда саясатын іске асыру департаментінің операторы, Өскемен қаласы




09.09.2008


30.09.2008


Шығыс Қазақстан облысы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру Департаменті» жетекші маманының міндетін атқарушы, Өскемен қаласы




01.10.2008


06.10.2009


Шығыс Қазақстан облысы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру» жөніндегі жетекші маманы, Өскемен қаласы




07.10.2009


05.11.2009


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының «ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіптік және өндірістік кешенінің талдау секторының» бас маманы, Өскемен қаласы




06.11.2009


03.10.2010


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының «ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіп кешенінің талдау секторының» бас маманы, Өскемен қаласы




04.10.2010


20.03.2013


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Өскемен қаласы




20.03.2013


осы уақытқа дейін


Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов кенті






Бұған дейін Ұлан ауданында ұзақ жылдар əкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарған Дулат Зайсанбекұлына облыс басшысы сəттілік тілеп, үлкен сенім артты.


Жас басшы аудан өміріне тың серпін əкеліп, дамуына сүбелі үлес қосады деген ниеттеміз.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив