KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскеменнің көпқабатты үйлері жылыту маусымына дайын емес

24.08.2018, 04:20 149

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қаланың жаңа әкіміне бұл мәселені жуық арада шешуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық әкімдікте өткен отырыста ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мұрат Мусатаев аймақтың жылыту маусымына дайындығы туралы айтып берді.


Атап айтқанда, Өскеменнің көпқабатты тұрғын үй қорының дайындық деңгейі туралы сөз қозғалды. Жылумен қамтамасыз ету жүйелері 15 пайызға, сумен қамтамасыз ету – 20 пайызға ғана әзір екен.


-Облыс орталығы неге бұлай құлдырап кетті? Қала әкімдігімен қалай жұмыс істедіңіздер? – деді Даниал Ахметов басқарма басшысына. – 15 пайыз – бұл энергетика басқармасы мен қала әкімінің жіберген қателігі.


Аймақ басшысы өзінің бірінші орынбасары Ерлан Айтмұқашевке облыс орталығының жаңа әкімі Жақсылық Омармен бірге мәселені шешуді тапсырды.


-15 қыркүйекте қала жылу беруге 100 пайыз дайын болуға тиіс, - деді Даниал Ахметов.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив