KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Семейде «Лада-Гранта» көлігін "ұтып алған" азамат оңбай алданды

9.08.2018, 07:56 93

Жыл басынан бері Семей қаласының Ішкі істер басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 400 арыз келіп түскен. Шағым түсіргендердің 57-ісі телефон алаяқтарының құрбаны болған.


Осы жақында 1985 жылы туған Бөгембайұлы көшесінің тұрғынына «Самсунг» ұялы телефоны мен «Лада-Гранта» автокөлігін ұтып алғаны туралы хабарлама келіп түскен және ол сыйлықты алу үшін қайырымдылық қорына ақша аударуы керек болған. Қуанышты хабарға есі кете сенген азамат Әуезов даңғылындағы дүкендердің бірінен терминал арқылы қомақты қаражат салып жіберген.


Полиция қызметкерлері мәселенің рас-өтірігіне көз жеткізбей жатып, естіген әрбір нәрсеге сене бермеуді сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив