KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

"Ата-аналардан қолма-қол ақша алуға болмайды" ШҚО мектептеріндегі ақша жинау мәселесі

6.08.2018, 05:44 219

Мектептердегі ақша жинау үрдісі дұрыс па? Осы уақытқа дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатқан сауалдың бірі осы. Оқу жылы басталмас бұрын мәселені талқылауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері, мектеп директорлары, ШҚО білім басқармасының басшысы мен қоғам белсенділері жиналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мектептерде қамқоршылық кеңесі бар екенін айтты.


– Бұл кеңестер экономикалық және әлеуметтік функцияларды атқарады. Кеңестің келісімімен келіп түскен қаржының үнемі есебі беріліп отырады, –деді ол.


Бірақ сыбайлас жемқорлқыпен күрес бойынша облыстық Ұлттық қаржы департаментінің басшысы Сергей Потанин бұл оймен келіспейді.


– Қамқоршылық кеңес – формальді ұйым. Қызметі де айқын емес. Мемлекеттік ішкі аудит департаменті мемлекеттік сатып алуды бақылай алады. Бәрі айқын. Арнайы есеп-шот ашу керек, – деді Потанин.


Дәл қазіргі уақытта 6 мектепте аталмыш арнайы есеп-шот ашылған. Алайда олар жемқорлықты қаншалықты төмендете алды, оған баға беру қиын.


Осы орайда Сергей Потанин мектептерде оқулыққа, кеңсе тауарларына және жөндеу жұмыстарына ақша жинау заңсыз екенін шегелеп айтты. Ал қолдан қолға ақшаның өтуінің өзі-ақ  - сыбайлас жемқорлық.


Жиын соңында мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік облыстық департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы ШҚО білім басқармасына арнай есеп-шоттарды барлық мектептерді ашуды және ата-аналардан қолма-қол ақша алмауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив