KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.03 480.38 4.91

Семейлік келінін азаптап өлтірген Орал тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

1.08.2018, 12:42 134

Күні кеше ғана ұзақ уақыт бойы халық арасында талқыға түскен шым-шытырық, шырмауы көп оқиғаның нүктесі қойылып, сот үкімі шықты.


Нақтырақ айтқанда, Оралдағы ауданаралық мамандандырылған сотта келінін қатігездікпен өлтірген Асылбек Омаровтың өз кінәсін толығымен мойындағаны ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 99- бабы, 1- бөлігі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 5 млн теңге моральдық шығын төлеуі тиіс.


Алайда Ақерке Қозыкешованың нағашы апайы Райхангүл Абдрахманова тағайындалған бұл жазаны тым жеңіл деп санайды. Сондықтан да, алдағы уақытта бақилық болған Ақеркеге түрлі жала жапқандары үшін апелляциялық сотқа шағымданбақ.


Естеріңізге сала кетейік, қанды қылмыс осыдан төрт ай бұрын орын алған еді. Баласын алып кету үшін Орал қаласына барған Ақеркені қайын атасы шалбардың бауымен қылқындырып, кейін пышақтап өлтірген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив