KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Бүгіннен бастап Whatsapp арқылы бір мезетте 4 адам сөйлесе алады

31.07.2018, 11:59 277

Whatsapp месенджері жаңа функцияны іске қосты. Енді қолданушылар топтық аудио және видео қоңырауларға қол жеткізе алады. Бұл туралы компанияның блогында жазылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Сіздерге бүгіннен бастап Whatsapp мессенджеріндегі жаңа мүмкіндік – топтық аудио және видео қоңыраулардың қосылғанын қуана хабарлаймыз» деп жазылған хабарламада. Топтық қоңыраулар арқылы 4 адамға дейін бір мезетте  әңгіме-дүкен құруға болатындығын естеріңізге сала кетейік.


Бірінші абонент екінші абонентке қосылған соң, «қатысушыны қосу» түймешігі арқылы смартфон экранының оң жақ жоғарғы бұрышында үшінші және төртінші абонентпен қатар тілдесе алады. Видеоконференцияның қатысушыларын бірінші абонент таңдап қоса алады, ол мүмкіндік сонымен қатар басқаларында да бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив