KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 3 м/с, ОБ
482.86 533.17 5.08

Айдың тұтылуы әлемнің әр түкпірінде қалай көрінді? (фото)

28.07.2018, 09:00 240

27 шілдеден 28 шілдеге қараған түні әлем елдерінің халқы айдың тұтылуын бақылады. Бұл соңғы 25 мың жылдағы сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болып табылады. Ай қан-қызыл түске боялып, Марс планетасы Күн және Жермен теңесті.  Сондай-ақ, бұл - осы ғасырдағы айдың ең ұзақ тұтылуы. Ұзақтығы - 1 сағат 43 минут. Аltaynews.kz сайты аталмыш құбылыс кезінде  әр елдің қалаларынан түсірілген көріністерді ұсынады.


Грецияда ай Афины қаласындағы Посейдон ғибадатханасының үстінен  көрініпті.



Казань қаласында айдың алқызыл түсі қала мұнараларының жарығымен үндесіп тұрды.



 Страсбургте ай америкалық суретші Джонатан Борофскидің мүсінінің дәл үстінен көтерілді.


"Қан түсті ай" Солтүстік Америкадан басқа барлық жерде көрінді.



Швейцариядағы Альпы тауларында бұл кеште ауа-райы тамаша болғандықтан, айдың тұтылу құбылысын да көруге жақсы мүмкіндік туды.



Күнге қарағанда айдың тұтылуын бақылау  үшін арнайы фильтр мен көзілдіріктің қажеті жоқ. Дүрбі не телескопты пайдалануға болады.



Айдың тұтылуы Таяу Шығыстың барлық жерінде көрінген екен. Абу-Дабиде Зайед шейх мешітінің мұнаралары ай сәулесімен ерекше кейіпке енді.



Сидней халқы қаланың үстінен көтерілген айдың тамаша көрінісін бақылай алды.



Тайвань елінің астанасы Тайбэйде әуесқой астрономдар жағажайға телескоппен шығыпты.



Айдың Каир қаласындағы көрінісі де ерекше әсер қалдырарлықтай екен.



ШҚО-ның орталығы Өскемендегі айдың көрінісі де аса әсерлі.


Республика алаңы, Абай мүсіні. Фото: Тілеубек Шаяхмет, Altaynews.kz фототілшісі.


 


Әлемнің әр қалаларынан түсірілген фотосуреттер bbc.com сайтынан алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив