Жармалықтар Зарина Примакқа спортшыға лайық жағдай жасап беріп отыр
Бүгінде туған жердің намысын қорғап, спорт әлемінде ізін қалдырып, қол жетпес сағымдай болған арман асуларын бағындырып жүрген жандар бар арамызда. Солардың бірі жерлесіміз Зарина Примак
Ол жастайынан қоларбаға таңылса да тағдырдың қатал сынағына қарамастан, спортты өзінің өмірлік серігі ретінде таңдап, талай асуларды бағындырып келеді.
2016 жылдан бастап қол күресімен айналысқан Зарина ауыз толтырып айтар жетістіктерге қол жеткізді. Тек қана 2016 жылдың өзінде ғана төрт мәрте жеңіс туын желбіретіп, әртүрлі спорттық ареналарда ән ұранымызды асқақтата білді.
Ағымдағы жылдың 10-12 шілдесінде Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтен сайыс өткен. Жарыста 1-орынды қанжығасына байлаған қарындасымыз, шын мықтылар сынға түсетін ел чемпионатына да жолдама алды.
Бүгінде белгілі жерлестеріміздің аудан спортына қосып жүрген үлестерін ескере келе, аудан басшылығы бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруда. Олар: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылданатын ғимаратының мәселесін шешу, оларға әлемдік стандартқа сәйкес келетін спорттық киім үлгісін дайындау, қажетті спорттық инвертарлармен жабдықтау мәселелері қолға алынуда.