KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

"Алтай" жапондық "НЕК Ред Рокетс" командасымен күш сынасады

16.07.2018, 16:45 208

Өскеменде өтіп жатқан волейболдан клубтық Азия чемпионатының жартылай финалында "Алтай" жапондық "НЕК Ред Рокетс" командасымен күш сынаспақ, деп хабарлайды.


Естеріңізге салайық, жеребе қорытындысы бойынша алтайлықтар ширек финалдық кезеңнен босатылып, бірден жартылай финалға жолдама алған болатын.


"Алтайдың" болашақ қарсыласы болса, ширек финалда тайбэйлік "CMFC" волейболшыларына қарсылас атанған. Бұл ойын бүгін кешке ойналды. Кездесу басынан айтарлықтай басымдыққа ие болған Күншығыс елінің арулары алғашқы екі партияда 25:15, 25:18 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен келесі кезеңде намысқа тырысқан тайбэйліктер есеп айырмасын 1:2-ге дейін қысқартты. Партиядағы есеп 19:25 "CMFC" пайдасына. Алайда төртінші кезеңде қарқынын үдете түскен жапондықтар тағы да сенімді жеңіске жетіп, кездесуді 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Партиядағы есеп 25:15.



Енді ертең кешке Жапонияның Кавасаки қаласынан келген волейболшы қыздар "Алтаймен" кездесіп, финалға берілетін жолдамаға таласатын болады.


Айта кетейік, бүгін, чемпионатта сонымен қатар тағы екі ойын ойналды. Алдымен Вьетнамның «VTV Бин Дьен Лонг Ан» командасы шри-ланкалық "Ланка Лайонс" волейболшыларын басым түссе (3:0), келесі ойында Индонезия чемпионы "Гаруда" ирандық "Пайканнан" айласын асырды. Есеп 3:1.


Төменде назарларыңызға ертеңгі ойын күнінің матчтарын ұсынып отырмыз.


10:00 «VTV BINH DIEN LONG AV» (Вьетнам)  – “GARUDA” (Индонезия);

12:30 «CMFC» (қытайлық Тайбэй) – «PAYKAN» (Иран);

15:00 «SUPREME» (Тайланд) – «JIANGSU ZHONGTIAAN STEEL» (ҚХР);

18:00 «NEC RED ROCKETS» (Жапония) – «АЛТАЙ” (Қазақстан).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив