KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Жапон қыздары Тайланд командасын жеңді

12.07.2018, 11:08 135

 


Жапон қыздарының ащы айғайы естіліп еді баста. Ойын соңында жанайқайы шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жанайқай шіркін өзінің жемісін де берді. "Шаршағанда "әуп" деген де күш береді" дегендей, 2:0 есебімен ұтылып жатқан жерінен жұлып алды жеңісті. Толық бес кезеңді ойнап шықты қос ұжым.


Ел күтсе күткендей-ақ кездесу болды. Кездесу емес-ау, қып-қызыл майдан.


Айтпай кетуге болмас, 16 нөмірдегі Аратани Шиори (Nec redrockets командасы) мен 1 нөмірдегі Пайрож Супаттраның (Supreme командасы) шеберлігі жиылған көпшілікті тамсандырды. Бірі шабуылдың қанын қыздырса, екіншісі қорғаушылықтың ерен үлгісін паш етті.


Бес бөлімнің қортынды есебі: 20:25, 21:25, 25:22, 25:18, 15:11

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив