KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да Владимировка ауылының тұрғыны өлтірілді

25.06.2018, 06:33 155

23 маусым күні Күршім ауданының тұрғыны кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы ақпаратты facebook, instаgram әлеуметтік желілерінің қолданушылары таратуда.


Нақтырақ айтқанда, оқиға Владимировка ауылында болған. Жергілікті тұрғын, жас жігіт көз жұмған. Артында науқас қарт анасы мен жас жұбайы қалды. Олар сәбилерінің дүниеге келуін күтіп жүрген екен.


Қазір белгісіз жағдайда белгісіз адамдардың қолынан қазақ тапқан жігіттің туыстары мен дос-жарандары әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратып, болған оқиға жайлы барлық шындықты жайып салуға әзір екенін жеткізіп отыр.


Осы оқиғаға байланысты «Altaynews.kz» сайты  ШҚО Ішкі істер департаментінен ақпарат сұратқан еді. Алайда аталмыш департаменттің баспасөз қызметі бұл жағдай олардың құзыретінде емес, тергеуді ҚР ІІМ ТК Шығыс аймақтық әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері  жүргізетінін  хабарлады.


Оған не себеп? Әлеуметтік желіде ақпарат таратушылардың сөзіне сүйенсек, бұл қылмысқа жергілікті жердің шекаралық әскери қызметкерінің қатысы бар көрінеді. Бірақ оқиғаның анық-қанығы белгісіз.


«Altaynews.kz» сайты  Шығыс аймақтық әскери-тергеу басқармасымен де байланысқа шықты. Алайда басқарма болған жағдайға қатысты әзірше ақпарат беруден бас тартып отыр. Олардың айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Ресми ақпарат тек тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана беріледі. Демек орын алған жайттың мән-жайы сол кезде белгілі болмақ.


Бұл оқиға «Altaynews.kz» сайтының назарында болады.


[caption id="attachment_35108" align="alignnone" width="700"] Әлеуметтік желіде таралып жүрген ақпарат[/caption]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив