KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО әскери полигонында автомат арқалаған журналистер жүр

17.05.2018, 05:03 61

Өңірлік БАҚ тың бір топ журналисі бір күн бойы Ұлттық ұлан гвардиясының Шығыс өңірлігі  5518 әскери бөлімі қатарында  қызмет етіп, сап түзеген сарбаздардың, әскеріміздің әлеуетін, әскери өмірді көздерімен көріп, көңілге түйіп қайтты. Мұндай мүмкіндікті құр жіберіп алмай өздерінің білек күші мен жүрек күшін де сынға салды.


Әскери бөлімнің қала сыртындағы оқу-жаттығу алаңыа әскери көлікпен ертелетіп жеткен журналистер алыс қашықтыққа жүгіріп, АК-74 автоматын белгіленген уақытта бұзып, жинауға машықтанып, қару-жарақ түрлерімен танысты, тапаншамен нысанаға оқ атып, аздап «Макаровты»  да меңгеріп қалды...


Оқу-жаттығу алаңында жүгіріп, секіріп, сарбаздардың барлық жауынгерлік жаттығуларын орындаған тілшілер түсте палаткалардағы әскери асханадан тамақтанып, сарбаз ботқасын жеп, әскерилердің ас мәзірімен де танысуға мүмкіндік алды.


Сапта болған журналистердің «әскери қызметін» қорытындылап, олардың өзара жарысын бағалаған ҚР Ұлттық Ұланының Шығыс Өңірлік қолбасщылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары Ниязтай Алкешев жиын соңында үздік көрсеткіштерге жеткендерді алғыс хатпен марапаттап, қалам ұстаған қауымға ақын,жазушылардың кітаптарын сыйлады.



Сарбаздар сапында болған  бір күнде әріптесіміз, «ШығысАқпарат» медиа компаниясының фототілшісі Дмитрий Франчук құралайды көзге атқан  мергендігімен демесек те, нысанадан мүлт кетпеуімен ерекшеленіп, осы сайыстың жеңімпазы атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив