KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Өскеменге неге ескі трамвайлар сатып алынды?

14.05.2018, 02:30 250

Қазір қала жұртшылығы осы сауалды кеңінен талқылап жатыр. Естеріңізге сала кетсек, жуырда Өскеменге Алматыдан трамвайлар әкелінген болатын. Жұрттың көңілен шықпағаны – сатып алынған трамвайлар жаңа емес.


Осыған қатысты қала әкімдігі facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеме жасады.


Сол мәлімдемеге сүйенетін болсақ, бұл вагондар сыртқы түрімен де, техникалық жағдайымен де жақсырақ болып табылады екен.


-КТ - 4D үлгісі, Германияда шығарылған, жылы – 1995, төрт есікті, екі секциялы вагон. Ішкі жағы да ыңғайлы, кең, сыйымдылығы жақсы. Бір вагонның бағасы – 9 миллион теңге. Сатып алынған 13 вагонға 118 миллион теңге қаражат жұмсалды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, Белоруссияда жасалатын  ең арзан вагонның бағасы 30 миллион теңге, ал қалада трамвайлардың тұрақты қозғалысын реттеу үшін кем дегенде 10 вагон қажет, - деп жазады Өскемен әкімінің баспасөз қызметі.


Фотосуреттерде: сол жақта – Өскеменнің трамвайлары, оң жақта – Алматының трамвайлары.


[su_slider source="media: 31567,31568,31570,31573,31571,31572,31569"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив