KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

«Алтай» мен «Тараз» тағы да тең тарқасты

1.10.2018, 10:02 304


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 29 турында өз алаңында «Тараз» футболшыларын қабылдаған семейлік «Алтай» қарсылас қақпасының кілтін таба алмай қойды. Тартысты өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, бұл биылғы чемпионат барысында қос ұжым арасындағы ойындарда тіркелген үшінші тең нәтиже. Бұған дейін семейлік және тараздық аяқдопшылар жасыл алаңда екі рет кездесіп, ол ойындардың бірі 0:0, екіншісі 1:1 есебімен аяқталған болатын.


Осылайша, 29 ойыннан кейін 53 ұпайға ие алтайлықтар әзірге турнир кестесінің төртінші орнынан жоғары көтеріле алар емес.

Келесі кездесуін жерлестеріміз 5 қазан, жұма күні Көкшетауда чемпионаттың көшін бастап тұрған «Оқжетпеске» қарсы өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив