KZ
Өскемен
-4°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Жармалықтарды сенбілікке Ленин шақырса, семейліктерді әкім шақырыпты

29.04.2018, 14:18 93

Естеріңізге сала кетсек, жуықта Жарма ауданының Әуезов кентінде театрландырылған сенбілік өткен еді. «Лениннің өзі» жармалықтарға келіп, көшелер мен алаңдарда тазалық пен тәртіпке шақырады. Себебі көсемнің өмірінен берілген 1920 жылдың 1 мамырында сенбілік кезінде ағашты алып жүрген белгілі эпизоды әлі күнге дейін суретшілерді шабыттандыратын көрінеді.


Сол сурет семейліктерді де шабыттандырар деп ойлаған болса керек, facebook-тегі "Семей-Семипалатинск online" тобында сенбіліктегі Ленинге ұқсас қала әкімінің суреті жүктеліп, қалалық ТҮКШ атынан тұрғындар сенбілікке шығуға шақырылыпты. Ермак Сәлімовтің фотошоп арқылы сапалы жасалған суреті қанша көзтартарлық болса да, халық қала тазалығына көңіл бөлуге наразылық танытқан екен. Олардың ойынша, сенбіліктермен коммуналдық қызметтер айналысуға тиіс.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив