KZ
Өскемен
+17°
небольшой дождь жел 3,1 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

ШҚМТУ студенттері бүкіл республика атынан сынға түсті

20.04.2018, 10:30 124

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен Бүкіләлемдік түркі тілдес мемлекеттер универсиадасында ел намысын қорғаған шығысқазақстандық волейболшылар тамаша өнер көрсетіп, қола медальға ие болды.


Волейболдан облыстың жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Болатбек Даумовтың айтуынша, жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия сияқты елдердің спортшылары қатысты.


– Бір айта кетерлігі, сайысқа негізінен ШҚМТУ-дың волейболшыларынан құралған облыс құрамасы қатысып, бүкіл республика атынан сынға түсті. Қарсыластар осал болмағанымен, біздің жігіттер үздік үштіктен көріне білді. Бұл айтуға тұрарлық нәтиже, – дейді бапкер.

Сондай-ақ халықаралық жарыс барысында ШҚМТУ дене тәрбиесі және спорт кафедрасының мамандары Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Түркияның жоғары оқу орындарымен спорт саласында әріптестік орнату жөнінде келіссөздер жүргізгенін де айта кеткен орынды.


Жалпы, биылғы универсиадаға қатысушы елдер грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі мен шахмат сияқты спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.


Естеріңізге салайық, түркі тілдес мемлекеттер арасындағы келесі универсиада 2020 жылы Алматы қаласында өтпек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив