KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстандық студенттер ҚР универсиадасына қатысты

15.03.2018, 09:21 110

Қазақстан Республикасының VII  қысқы студенттер универсиадасы  Павлодар қаласында өтті. Сайысқа еліміздегі 40 ЖОО студенттері қатысты.


Универсиадаға қатысқан Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ-нің құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынды місе тұтып,2 күміс,11 қола жүлде алып қайтты.





Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ  оқу жұмыстары бойынша проректоры Сәуле Рахметуллинаның сөзінше, Елбасы салауатты өмір салтын ұстауды насихаттауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл тұрғыда аталған оқу орны үнемі белсенділік танытуда.  Құрама команданы кәсіби жаттықтырушылар тәрбиелеп,жаттықтырды


-Мықты бестіктен табылудың өзі үлкен жетістік деп білемін.Команданы шаңғы жарысынан,қысқы спорттық  бағдарлаудан, президенттік көпсайыстан Болатбек Дүсіпов, Сымбат Бекбосынов, Евгений Шимин и доцент Любовь Асмолова дайындады. Баскетболшыларды Сергей Мақсұтов,Бақытжан Қанапиянов,Галина Сычева ,ал қазақ күреспен қол күрестен Рымбек Рамазанов және Досжан Елубаев жаттықтырды.Футзал бойынша Бекберген Асылбеков жауапкершілік алды. Пауэрлифтинг бойынша  Мутан Сәбитов,Лариса Бадильдинова студенттермен жұмыс жасады,-дейді Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ  «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Болатбек Даумов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив