KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Балабақшаға кезекке тұру енді тек электронды түрде ғана жүзеге асады

16.04.2018, 05:30 204

Қоғамдық кеңесте талқыланған мәселелердің бірі – балабақшаға кезекке тұру болды. Семей қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың айтуынша, соңғы кездері балабақшаға кезекке тұрудың  жаңа жүйесі Шығыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстанда қанатқақты жоба ретінде қолға алынып отыр екен.


2018  жылдың 10 ақпанынан бастап мектепке дейінгі тәрбие беру орталықтары мен балабақшаларға кезекке тұру тек электронды база арқылы ғана жүзеге асады. Бұдан былай Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы мен Семей қалалық білім бөлімі жаңа туған сәбилерді балабақша, мектепке дейінгі тәрбие беру орталықтарына беру үшін кезекке қоюмен айналыспайды. Барлығы тек   garden.bilim-semey.gov.kz.  жүйесі арқылы жүзеге асады. Сұрақтар бойынша 52-69-06 телефонына хабарласуға болады.


- Балалар бақшасы орын босаған кезде бұрын өздері хабарлайтын. Қазір олар ортақ бір сайтқа ғана хабар салады, - дейді Наталия Фесенко. - Ол хабарды кім бірінші көрді, сол ата-ана бірден басып, орынды иеленді. Яғни «босаған орын бар» деген хабарландыруды қалт жібермей қарап отыру керек. Дегенмен босаған орны бар балабақша баланың тұрғылықты жерінен алыс болуы мүмкін. Осылайша алыс аудан, қолайсыздау болып қалып жатса, онда сол өздері тұратын  жердегі балабақшаға барып, ауысатын ата-аналар бар ма деп сұрастыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив