KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Шүлбі бөгенінен босатылған мол су Семейдегі 10 үйді басып кетті

29.03.2018, 07:40 168


Өткен түнде Семейдегі Түйемойнақ аралы ауданындағы 10 үй тасқын судың астында қалған. Оған себеп Шүлбі СЭС-інен судың апаттық жағдайда жіберілуі. Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Ертіс бассейні инспециясының басшылығын салғырттық үшін сынап, шара қабылдауды тапсырды.



Аймақ басшысы айтқан мәліметтер бойынша наурыз айының басында СЭС секундына 500-700 текше метр су жіберіп тұрған. Бірақ, 27 наурызда 1200-ге жуық, ал 28 наурызда 1800 текше метрге асырып жібрген.


–Екі тәулік ішінде күрт екі есе мол су жбірелгендіктен Семейде 10 үйді су басты. Енді толқын Бесқарағай ауданында күтілуде. Сіздер еш ескетусіз жіберілетін су мөлшерін үш есеге асырғансыздар. Жағдайды алдын ала неге болжамадыңыздар? – деді аймақ басшысы.

Ертіс бассейні инспекциясының басшылығы облыс әкімі келтірген цифрларды растап отыр.


–23 наурыз бен 26 наурыз аралығында қар аралас жаңбыр жауып, өзеннің суы молайды. Су деңгейі апатты шамаға жеткендіктен, бөген қауіпсіздігі үшін суды көптеп жіберуге мәжбүр болдық, – деді инспекция басшысы Қазымбек Баймағамбетов.

Даниал Ахметов шенеуніктің түсініктемесін сынға алып, ведомство мамандарының бір ай бойы «ұйықтап жүргенін» қадап айтты.


–Егер айдың басынан жоспарлы түрде суды жіберіп отырсаңыздар, ешқандай әңгіме болмас еді. Алайда, сіздер метеожағдайларды ескермей, ай бойы шара қабылдамай жүрдіңіздер. Осы салғырттық салдарынан біз 192 адамды эвакуациялауға мәжбүр болдық. Қазір су қайтты, енді апат шығынын есептеп, жөндеу жұмыстарына кірісу керек, – деп тапсырма берді облыс әкімі.

[su_slider source="media: 26988,26989,26990,26991,26992,26993,26994,26995"]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив