KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1,4 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Пәтер иелері кооперативі қандай жұмыстарды атқаруы тиіс?

20.02.2018, 06:33 174

Өскемендегі пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметіне қалалықтардың көңілі әлі толмай жүр. Неге?


Қазіргі күні Өскеменде көппәтерлі 1 672 тұрғын үй бар болса соның  50 шақтысы (үш пайызы) жаңадан салынған баспаналар. Шаһардың тұрғын үйлерін қысы-жазы күтіп ұстаумен  170  пәтер иелері кооперативі  ( 10 басқарушы компания мен 10 ЖШС қызметтерін қоса алғанда) айналысып жатыр. Ыдырап кеткен тұрғын үй  пайдалану басқармасы жүйесінің  орнын басқан пәтер иелері кооперативтері Өскеменде осыдан 21 жыл бұрын құрылған болатын.


(ПИК тер қандай жұмыстарды атқаруы тиіс? Өскемендіктер тұрғын үйдің эксплуатациялық шығыны үшін ПИК ке  қанша теңге төлейді? ПИК жұмысының сапасыз қызметіне байланысты қайда шағымдану керек? Осы және басқа да сауалдардың жауабын Дидар газетінің 22 ақпан күнгі санынан таба аласыздар)


Пәтер ішіндегі жөндеу жұмыстарының барлығын дерлік тұрғындардың өздері жөндеуі тиіс.  Егер ПИК атқаратын «жұмыстар тізімінде», сметалық шығындарда пәтерлердің ішіндегі жөндеу жұмыстары көрсетілген болса, онда оны ПИК жұмысшылары тегін атқарады. Тегін көрсетілетін қызметтер ПИК тің «жұмыстар тізімінде» жазылып,  қабырғада ілініп тұруы тиіс.  Заң бойынша ПИК терде санитарлық тораптарды, ажыратқышты басқа заттарды ауыстыру, плитаны жөндеудің прайс қағазы, бағасы  да жазылып тұруы керек.


Нұрбақыт Тұрсынбекова, Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі тұрғын үй қорын ұстау секторының меңгерушісі:


 -Біз ПИК терге қатысты  орын алған мәселелердің бәрін қала тұрғындарына телефонмен, хат арқылы болсын үнемі түсіндіріп отырамыз. Бірақ, өкінішке қарай тұрғындарда ПИК тердің жұмысына байланысты түсінбеушіліктер өте көп. Біз кооперативтер жұмысын, олардың міндеттерін, тұрғындаррдың өздерінің міндеттерін бейне роликтер арқылы да түсіндіріп, ұғындыруға талпындық. Кооператив жұмысының жақсы болуы ең алдымен ПИК ті басқарып отырған төрағаның жауапкершілігіне байланысты.  

Гүлнар Әбішева, Өскемен ПИК қауымдастығының атқарушы директоры:


-Ірі қалаларда эксплуатациялық төлемақы Өскемендегіден әлдеқайда жоғары. Қазір өскемендіктердің көпшілігі шаршы метрге 25-27 теңгеден төлеп жатыр. Осыған қарамастан қарыздары көбейіп отыр. Қазіргі күні тұрын үй инспекциясының сайтыны ПИК тердің 80 пайызы өздерінің атқарған жұмысы туралы ақпараттар беріп отыр. Тұрғындар ПИК жұмысын, есебін осы сайттан да көре алады. Барлық ПИК тің  тоқсандық есебі болады, кооператив жұмысы туралы  осы жазбаша есептен де таныса алады, оны әр тұрғынның сұрауына құқы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив