KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Әріптесінің әшекейін ұрлаған

6.02.2018, 10:08 195

Өскемен қаласында өзінің бірге істейтін әріптесінің алтын және күміс әшекейлерін жымқырған медбике жауапкершілікке тартылды.


Өскемен қалалық №2 соты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігімен (ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін  тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен ірі мөлшерде жасырын жымқыру) азаматша Г-ға қатысты қылмыстық істі қаралды.


Сотта анықталғандай, азаматша Г. Өскемен қалалық отбасылық дәрігерлік амбулаториясында медбике қызметінде жұмыс істей жүріп, осындағы өзінің әріптесінің медицина қызметкерлерінің жиналысына қатысып отырғандығын біледі де, оның сөмкесінде жатқан кілтті алып, кілттің көшірмесін жасатып алады. Келесі күні Г. әріптесінің тұрғылықты мекенжайына келіп, жасатқан кілттің көшірмесін пайдаланып үйге кіріп,  баспанадағы алтын және күміс әшекейлерін жымқырып кетеді. Сөйтіп, жәбірленушіге 1 551 500 теңге сомасында материалдық шығын келтіреді.


Сот үкімімен бұрын сотты болмаған Г. жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, жеңілдету мән-жайлары, яғни, шынайы көңілмен өкінуі, өз асырауында жас баласының бар болуы ескеріле отырып,  оған үш жыл бас  бостандығын шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив