KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскемен дәріханаларындағы тегін дәрілер неліктен жоғалып кетті?

14.03.2017, 18:00 152


– Мен гипертониямен ауырамын. Өзімнің бекітілген учаскемде бұрын қажетті дәрілерді тегін алып тұратынмын. Өткен жылдың басынан бастап, аталған дәрілердің кейбірі келмей қалатын болды, артынан бәрі жоғалып кетті. Сатып алайын десем, өте қымбат. Себебі, олардан бөлек басқа да дәрі-дәрмектерді сатып алуым қажет қой. Мұндай жағдайда қайда хабарласуға болады?

Гүлнәр Оразбаева
Өскемен.

Сауалға облыстық прокуратураның басқарма басшысы Рүстам Шідердинов жауап береді:

– Шындығында да тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындар тарапынан жылдың басында екі-үш ай көлемінде дәріханаларда қажетті дәрілер болмай қалатындығы туралы шағымдар түсті. Медицина саласының басшылары бұл жағдайды жылдың басында дәрілерді жеткізуге конкурстың өтпеуімен байланыстырады. Соған қарамастан өткен жылы облыстық прокуратурада осыған қатысты тұрғындар шағымы қаралды.

Біз аймақтың денсаулық сақтау басқармасы басшылығына мұндай жағдайды болдырмау үшін өткен жылғы келісімшартты ұзартуға болатындығын айттық. Қазіргі уақытта олар осылай істеу арқылы қалыптасқан мәселені шешіп отыр. Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты мәселе шешілген.

Алайда, дәріханаларда тегін берілетін дәрілердің жетіспеушілігі байқалатын болса, тұрғындар біздің 24-54-82 сенім телефонына хабарласа алады. Қалыптасқан жағдаймен прокуратура айналысатын болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив