KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Жарнамаланып жүрген дәрілер қаншалықты шипалы?

8.04.2018, 03:46 118

– Өскемен қаласында айына бір рет Алматы қаласында басылып шығатын «Страничка здоровья» деген газет таратылады. Оның ішінде көзге тамызатын «Экстракт алоэ по С.Федорову» деген дәрі бар. Бағасы қымбат. Білгім келетіні, егер осылар шынайы дәрілер болса, неге қаладағы жалпыға бірдей дәріханаларда сатылымға шығарылмайды? Жалпы, олардың шипалылығы қаншалықты рас? Оларға облыстық денсаулық сақтау басқармасы немесе басқа да салалық ұйымдар бақылау жасай ма?


Мәуітқазы Зүкенов,


Өскемен

Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан жауап береді:


– Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған. Оқырман сұраған көзге тамызатын «Экстракт алоэ по С.Федорову» қазақстандық ұлттық формулярға кірмейді. Сондықтан да медициналық мекемелер бұл көзге тамызатын затпен жұмыс істемейді. Шипалылығы туралы ақпарат жоқ.

Өтініш иесі дәрілік заттарға сараптама жүргізу мәселесі бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығына хабарласа алады (Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 29. Байланыс тел.: 22-63-78; 22-14-11).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив