KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Пәтер иелері кооперативтерінің қызметі барынша айқын болуы керек

1.12.2017, 10:09 189

Пәтер иелері кооперативтеріне (ПИК) төленетін төлемақылар қайда кетеді?  Олар қандай істерге жаратылады?  Осы сұрақтардың жауабын өскемендік тұрғындардың басым көпшілігі біле бермейді.  Сондықтан да тұтынушылар мен  ПИК арасында үнемі бітпейтін дау-дамай туындап жатады.  Ақыр соңында кейбір азаматтар ай сайынғы төлемдерді төлеуден жалтара бастайды.


Дәл осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін Өскемен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі арнайы электронды портал құрды. Онда пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары  барлық сметалық есеп-қисаптарды көрсетіп, шығындар бойынша тоқсан сайын есеп береді.


- Қазір ПИК-нің 73 % толық есеп жүргізіп жүр,сондықтан пәтер иелерінде де артық-ауыз сұрақ жоқ. Дегенмен осы ашықтық пен айқындылыққа қарай барғысы жоқ коопертаивтер де бар,-деді тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев.

Дегенмен тұрғын үй қорындағы проблема тарифтің төмендігінде болып тұр.  1 шаршы метрге-27 теңге. Мысалы еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде бұл көрсеткіш 100 теңгені құрайды. Мамандардың пайымдауынша,  әрбір үйге арналған  төлем тағайындалғаны  дұрыс. Өйткені осыдан 50-60 жыл бұрын салынған үйді ұстауға кететін шығын, жаңа үйлерге кететін шығыннан недәуір көп екені түсінікті.


- ПИК-нің қаржылық қызметіне келер болсақ,  келесі жылы барлық шоттарды тексеру жағы заңды түрде қарастырылады деген сенімдеміз. Сол кезде  коопертаивтердің бүкіл әс-әрекеттері барынша айқын болмақ, - деді Фархат Жылыбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив